Материктік және мұхиттық жер қыртысы, геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2551 | Размер: | Автор: Публикатор
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Материктік және мұхиттық жер қыртысы, геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға жер қыртысының құрылымы, платформалар, геохронологиялық кесте жөнінде түсіндіру.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға жер қыртысының құрылымы, платформалар, геохронологиялық кесте жөнінде түсінеді.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері арттады.
Түйінді идеясы: Геохронология -тарихи кезең
Сабақтың әдісі:Электронды оқулықпен жұмыс,ортақ талқылау жұмысы,түсінікке жеңіл тірек-сызба,топтастыру.
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану
Сабақтың барысы:
Бөлім |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушылар іс-әрекеті |
Кіріспе |
1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аударады,топтық міндетті қайта бөлісуін қадағалайды,бағалау парағын береді. 2.Картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырмабойынша топаралық сұрақ-жауап әдісін ұйымдастырады ,оқушыларға сұрақтар қояды. |
1.Оқушылар амандасады,сабаққа араласады.. Топтағы міндеттерін қайта бөліседі,хатшы бағалау парағын толтырады. 2.Топ болып сұрақтарға жауап береді,басқа топтарға сұрақ қояды
|
Тұсаукеср |
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Электронды оқулық арқылы түсінік береді,мәтінмен танысып ,оқушылар сұрақтарына жауап береді |
1.Оқушылар жаңа сабақпен танысып,мұғалімге,сыныптастарына сұрақтар қойып ортақ талқылау жасайды.2.Дәптерге геохронологиялық кестені түсіреді,. |
Негізгі бөлім
|
Интерактивті тақтадан берілген тірек сызбамен топтатыру тапсырмасына түсінік береді.10 кестемен жұмыс береді. |
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманың негізгі идеясын айтады. 2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.
|
Қорытынды |
Бағалауды ұйымдастырады,Қорытындылайды. Үйге тапсырма:Өтілген тақырыпты оқу және қосымша мәліметтер жинау |
Бағалау парағы арқылы топбасшылар есеп береді. Үй тапсырмасын жазып алады.
|
. Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызба арқылы платформалардың жіктелуі түсіндіреді
Платформалар
Ежелгі Жас
Архей-протерезой Палеозой эрасында
эраларында қалыптасқан
Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Батыс Еуропа, Батыс
Солтүстік Америка, Аустралия т.б. Сібір, Тұран т.б.
4астыру арқылы қалқандар, геосинклиналдар түсіндіріледі